Атырау, 14 қазан 13:23
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрған ер адам қайтыс болды

2 774 просмотра

Алматыдағы Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында 50 жастағы ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы орталыққа барған куәгерлер хабарлады.

Сөйтсек, оқиға бүгін, таңғы 10.00 шамасында болған.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, 50 жастағы ер адам уақытша тіркеу бойынша кезекте тұрған. Бір сәтте ол құлап түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі сыр берген.

Оқиға орнына жедел жәрдем келді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, осыған дейін де мұндай жағдай Алматы облысында ХҚКО-сында болған. Боралдай ауылынан таңғы уақытта ХҚКО-ға келген 59 жастағы ер адам III топтағы мүгедек мекемеден шығып, көлігіне отырған кезде жүрегі тоқтап қалған.


Дереккөз: Tengrinews.kz

16 қаңтар 2017, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.