Атырау, 14 қазан 13:25
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Рысбек Сәрсенбайдың Атырауға баратын "ұшақтан кешіктірілгені" хабарланды

2 222 просмотра

Алматыда журналист, "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай бүгін Атырауға қоғамдық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісі бойынша апелляциялық сот отырысына ұша алмай қалды,- деп хабарлады Азаттық.

Рысбек Сәрсенбайдың әйелі Маржан Аспандиярованың Азаттыққа айтуынша, журналист Атырауға Bek Air компаниясының 16 қаңтар күні таңғы сағат 5:30-дағы рейсімен ұшуы тиіс болған. Бірақ түнгі сағат 12 шамасында Сәрсенбайдың ұялы телефонына өзін Bek Air компаниясынан деп таныстырған әйел адам хабарласып, рейстің бір жарым сағатқа кешігетінін, ұшаққа тіркеу сағат 5:30-да басталатынын айтқан.

- Әуежай сайтынан қарап едік, рейс уақытында ұшады деп көрсетіліпті. Бұдан соң әлгі қоңырау шалған нөмірге хабарласып "ұшақ кешікпейді екен ғой, бұл қалай?" деп сұрадық. Ол әйел әуежай сайты енді жаңартылатынын айтты, - дейді Аспандиярова.

Маржан Аспандиярованың сөзінше, бұдан соң күйеуіне тіркеудің кешірек - сағат 5:30-да басталатыны туралы "компания атынан" жазылған СМС хабарлама келген.

- Біз сағат 5:30 болмай әуежайға жеткенде рейске тіркеу аяқталып, ұшақ ұшайын деп тұр екен. Яғни рейс кешіктірілмеген. Bek Air компаниясынан бізге ешқандай хабарлама жіберілмегенін, бізбен хабарласқан ұялы телефон нөмірі өздерінде тіркелмегенін айтты" - дейді ол.

Bek Air компаниясының клиенттерге қызмет ету орталығында Азаттыққа ұшақ кешіккен жағдайда әдетте жолаушыларға ол туралы хабарлама жіберілетінін, бірақ сағат 5:30-дағы рейс уақытымен ұшқанын хабарлады.

Дереккөз: Азаттық

16 қаңтар 2017, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.