Атырау, 14 қазан 11:18
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Алты баланы тастап кеткен ана табылды

2 962 просмотра

Фото: Informburo.kz

Талдықорған қаласында алты баласын тастап, із-түссіз жоғалған əйел табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желтоқсан айының ортасынан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен əйел қазір отбасына оралды. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мəліметінше, 32 жастағы келіншек осы уақытқа дейін Алматы қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде жұмыс істеген. Ұялы телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған əйелді тəртіп сақшылары көп ұзамай тауып алды. Аталған əйел мұндай қадамға отбасындағы жанжалдардың жиі болуына байланысты барғанын айтып отыр. Оның сөзінше күйеуі келіншегіне жиі қол жұмсайтын көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорған қаласында қарт əже алты немересіне өзі жалғыз қарап, ішер асы, жағар отыны қалмағандықтан көпшіліктен көмек сұраған еді. Артынша жергілікті əкімдік мəселені қолға алып, көмек көрсетті, ал полицейлер хабар-ошарсыз кеткен келініне іздеу жариялаған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 қаңтар 2017, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.