Атырау, 14 қазан 11:19
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстандықтар күмәнданған адамдары жайлы Бас прокуратураның сайтында аноним хабарлай алады

2 144 просмотра

ҚР Бас прокуратурасының сайтында қолданушылар аты-жөнін көрсетпей, бланкті толтыра отырып, экстремизм мен терроризм көріністері туралы арнайы бөлімде хабарлама қалдыра алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кез келген адам жолдайтын хабарламасымен қоса, онда суреттер, скриншоттар, видеолар мен аудиожазбалар жібере алады. Олар күмән тудырған адамдарға қатысты мәліметтерді жіберуі керек екен. Мысалы, заңсыз есірткі саудасымен, қару мен жарылғыш заттарды сатумен айналысатын, Интернетте экстремизм, терроризм және ұлттар арасында араздық қоздырғандар, сонымен қатар, тұрғын үйлерге, ғимараттарға және көлік құралдарына суреттер салып тастаған немесе үгіт мазмұндағы материалдар жазып кеткендер жайлы хабарлама қалдыруға болады.

Сондай-ақ, кез келген адам ұсыныс қалдырып, экстремизм мен терроризмге қарсы күресуге қатысты ойларын бөлісе алады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

13 қаңтар 2017, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.