Атырау, 14 қазан 11:15
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Петропавлдағы су құбырындағы ірі апатты 13 сағаттан бері жойып жатыр

1 996 просмотра

Петропавл. 11 қаңтар. ҚазТАГ – Петропавлда сейсенбінің кешінен бері су құбырындағы апат салдарын жою жұмыстары жалғасуда, нәтижесінде қала ортасындағы бірнеше көшеге ыстық су төгілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Көшелерді су басып жатқаны туралы қоңырау кешкісін 20.30 сағатта келіп түсті. Апаттық бригада шұғыл барды. Апат диаметрі 800 мм болатын құбырда екені анықталды»,- деді «Қызылжар су» ЖШС бас инженері Сергей Визеров.

Бұл ретте кәсіпорын баспасөз қызметкері Азиза Табеева «Қызылжарсу» бригадасы апат орнында түні бойына жұмыс жасап, ол жұмыс қазір де жалғасып жатқанын айтты.

Ең көбі Жұмабаев және Интернациональная көшелері зардап шекті, ол көшелердің бойымен ыстық сы сарылдап ақты.

С. Визеровтың айтуынша, жарылған құбыр сегіз жыл бұрын салынған. Коммуналшылар ол кезде осы құбыр кем дегенде 50 жыл қызмет атқарады деп уәде берген, ал 2017 жылдың басы осы су құбырындағы апаттан басталды. Апат салдарынан 5 көпқабатты үйдің тұрғындары бірнеше күнге сусыз қалды, тағы 10 үйдегі су қысымы аз болды. Сол құбыр тағы жарылды.

«Қазір 5 үй сусыз отыр, оларға су тасып жеткізу ұйымдастырылған», - деді А. Абеева.

Дереккөз: ҚазТАГ

11 қаңтар 2017, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.