Атырау, 23 желтоқсан 02:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Үкімет басшысы Қасымовты уақытша тіркеуге байланысты туған дүрлігу үшін сынға алды

1 884 рет қаралды

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты уақытша тергеуге байланысты туған дүрблігу үшін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тағы бір мәселе - азаматтарды уақытша тіркеуді енгізу". ХҚКО-ларда қандай жағдай болып жатқанын көріп отырмыз. Мәлімет аз, сұрақ көп. Біздің меморгандар түсіндіргісі келеді, бірақ халық оны қабылдамай жатыр", - деді Сағынтаев.

"Бізде заңға қашан қол қойылды?", - деп сұрады үкімет басшысы Қасымовтан.

"28 желтоқсанда", - деп жауап берді министр. Оның сөзін Сағынтаев заңға 22 желтоқсанда қол қойылғанын айтып, түзеді.

"Бірінші рет қашан түсіндірдік? Біз ХҚКО-ларда дүрлігу туғаннан кейін ғана түсіндіре бастадық. Бұл норманың халыққа қатысты екенін түсіндік, біз 22 желтоқсанда түсіндіру жұмыстарын бастап кете алар едік, сонда қазір ХҚКО-ларға келіп жатқан 40 мыңның 17 мыңы уақытша тіркеуге келіп, қалғандары заңдастыратын еді. Бірақ олар осы күндері келмей-ақ қойса да болар еді, солай ма? Олар тіпті бір жылдың ішінде асықпай келе алар еді, айтарлықтай дүрлігу тумас еді. Адамдар не істерін білмей ХҚКО-ларға бара бастады", - деді үкімет басшысы.

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 қаңтар 2017, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.