Атырау, 14 қазан 09:20
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Тауар нарықтарының өсімі шектеліп, құлдырау тәуекеліне ұшырайды –Е.Қарин

1 536 просмотра

Фото: Baq.kz

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 2017 жылы Орталық Азияда болатын ең маңызды 10 оқиғаға шолу жасады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Биыл өткен жылдың екінші жарты жылдығында басталған әлемдік тауар нарығы қалыпқа келеді деп күтілуде. Мұнай бағасының өсуі мен оның жыл бойы 55-60 доллар аралығында тұрақталу ықтималы нәтижесінде орташа жылдық бағасы өткен жылмен салыстырғанда 20-25 пайызға артады. Қазақстан шикізат экономикасының 2-2,5 % мөлшерінде елеулі өсімін көрсетеді. Сонымен бірге Ресей экономикасы да мұнай өндіруші сектордың есебінен қарқынды дамиды. ЕАЭО аясындағы қарым-қатынастардың өріс алуы және Ресей нарығында еңбек мигранттары белсенділігінің артуы Орталық Азия елдерінің дамуына жаңа серпін береді», - дейді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, 2017 жылы тауар нарықтарының өсімі шектеліп, тағы да құлдырау тәуекеліне ұшырайды.

«Әлемдік қаржы тұрақтылығы тәуекелінің негізгі факторы ФРЖ-нің монетарлық және мөлшерлемені көтеру түріндегі қатаңдау саясаты болып қала бермек. Бұл ықтимал оң тенденцияларды теңестіруі мүмкін. Ал мөлшерлеменің көтерілуі дегеніміз, несиелеу шартының нашарлауы, берешектің барлық түрлеріне қызмет көрсету құнының өсуі, іскерлік және тұтынушылық белсенділік төмендейді. Сондай-ақ, жаһандық дағдарыстың жаңа толқынына дейін ұйымдастырылған қаржы нарықтарындағы активтердің барлық түрлерінің белгіленген бағасына қысымды білдіреді. Сыртқы факторларды ескерсек, дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда, Орталық Азия елдерінің экономикасы қысымға ұшыраса да, оның өсімі қарқынды ұлғаяды деген болжам бар», -дейді ҚСЗИ директоры.

Дереккөз: Baq.kz

9 қаңтар 2017, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.