Атырау, 15 қаңтар 03:19
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Шымкентте екі қабатты үй құлап, бір адам мерт болған

2 751 рет қаралды

Шымкент қаласында газ жарылысы салдарынан барак типтес екі қабатты үй құлап, бір адам қаза болған деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, қаңтардың 8-і күні таңғы сағат төрттің шамасында Шымкенттегі 18-шағын аудан аумағындағы жеке меншік екі қабатты ескі үйде газ жарылып, көлемі 64 шаршы метрді құрайтын ғимарат құлаған.

«Апат-құтқару жұмыстары барысында үйдің қирандылары астынан табылған төрт адамның үшеуі ауруханаға жатқызылып, біреуі дәрігерлік жәрдемнен бас тартты. Құтқарылғандардың арасында 2015 жылы туған жас бала бар. Бір әйел адам апат салдарынан қайтыс болған» деп хабарлады төтенше қызмет.

Апат салдарынан қос қабатты ескі үй толық қирап, тұруға жарамсыз болып қалған деп хабарланды.

Дереккөз: Азаттық

8 қаңтар 2017, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.