Атырау, 14 қазан 09:22
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

АҚШ елшісі Трамптың шешіміне қарамастан Қазақстанда қалатын болды

2 610 просмотра

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Крол қызметін жалғастыратын болды. Биыл 5 қаңтарда The New York Times басылымы АҚШ-тың барлық елшілері 20 қаңтарға дейін қызметінен кетеді деп ақпарат таратқан еді. 20 қаңтар – Американың жаңа президенті Дональд Трампты ұлықтау рәсімі өтетін күн, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Дегенмен, бұл бұйрық саяси тағайындалған елшілерге ғана қатысты, ал кадрлық елші-дипломаттарға қатысы жоқ болып шықты. Бұл АҚШ үкіметі ауысқан кезде орын алатын өзгеріс екен.

Қазақстандағы елшіліктің ресми сайтында саяси тағайындалған елшілер АҚШ-тың кадрлық сыртқы дипломатиялық қызметінің мүшелері емес екендігі айтылған. Аталған санаттағы елшілердің саны бүкіл әлем бойынша АҚШ-тың барлық елшілерінің үштен бір бөлігін құрайды. Елшілердің қалған үштен екісі Америка Құрама Штаттарының кадрлық сыртқы дипломатиялық қызметінің мүшелері болып есептеледі. Ал Джордж Крол кадрлық елші болғандықтан АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін 20 қаңтарға дейін және одан кейін де жалғастыра береді.

«Америка Құрама Штаттары – осы аймақта және бүкіл әлемде бейбітшілік, тұрақтылық пен жоғары даму қарқынын жақтайтын мемлекет. Біз 2017 жылы Қазақстанмен көпжылдық әріптестігімізді тереңдетуге тырысамыз және өзара әрекеттестік салаларын кеңейтуді жалғастырамыз», - деген Д.Крол ресми мәлімдемесінде.

Еске салсақ, жаңадан сайланған АҚШ президенті Дональд Трамптың командасы Барак Обама әкімшілігі тағайындаған барлық елшілерді қызметінен босату туралы жарлық қабылдаған болатын. Жарлыққа сәйкес, елшілер Трампты ұлықтау рәсіміне дейін қызметтеріне кетуі тиіс. Сондай-ақ, бұл күнге дейін Ақ үй мен федералдық агенттік қызметкерлері де жұмысынан кетеді екен.

Дереккөз: Baq.kz

6 қаңтар 2017, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.