Атырау, 14 қазан 09:23
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Шымкентте қалта ұрлығымен айналысқан үш әйел ұсталды

2 622 просмотра

Фото: inform.kz

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қалта ұрлығымен айналысты деген күдікпен үш келіншек ұсталды. Бұл туралы әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Әшімов айтты.

Қолға түскен күдіктілер - 1971, 1985 және 1991 жылы туылған азаматшалар. Үшеуі де Шымкент қаласының тұрғындары, еш жерде жұмыс істемейді.

«Олар сауда орталықтары мен базарларда адамдарды алдау арқылы сөмкесіндегі бағалы заттарды және әмиянды қолды етіп жүрген», - дейді полиция майоры Н. Әшімов. Тергеу кезінде күдіктілер бұған дейін екі ұрлық жасағандарын мойындаған. Оның бірінде 200 мың теңгені үптеп кеткен. Қазір оларға қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат


6 қаңтар 2017, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.