Атырау, 14 қазан 07:41
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстандықтар Құрбан айт пен Рождествода қанша күн демалады?

2 183 просмотра

7 қаңтардағы православиелік Рождество және Құрбан айттың алғашқы күні жұмыс күндері мен ауысу кестесіне (вахта кестесі) түскенімен, демалыс күні болып есептеледі, алайда, бұл күндер мереке күндері болып есептелмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына сәйкес демалыс және мереке күндері бір күнге келсе, мереке күндерінен кейінгі күндер демалыс болып есептеледі. Ал 7 қаңтардағы православиелік Рождество және Құрбан айттың алғашқы күні бұл заңда көрсетілген ұлттық және мемлекеттік мереке күндерінің тізіміне кірмейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мерекелеріне келесі күндер кіреді:
Жаңа жыл - 1-2 қаңтар;
Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз;
Наурыз мейрамы - 21-23 наурыз;
Қазақстан халықтарының бірлігі күні - 1 мамыр;
Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;
Жеңіс күні - 9 мамыр;
Астана күні - 6 шілде;
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - 30 тамыз;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - 1 желтоқсан.

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 қаңтар 2017, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.