Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ҚР СІМ Ыстамбұлдағы террористік актіге байланысты мәлімдеме жасады

2 429 рет қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ыстамбұл қаласындағы (Түркия Республикасы) террористік актіге байланысты мәлімдеме жасады.

«2017 жылдың 1 қаңтарында Ыстамбұл қаласында ондаған адамдардың қазасына себеп болған террористік актіні қатаң түрде айыптаймыз. Осы қатыгез қылмыс арқылы терроризмнің кезекті әрекетінің күәсі болып отырмыз, дегенімен оның ұйымдастырушылары мен демеушілері міндетті түрде анықталып, тиісті жазаға тартылатындарына сенімдіміз»,-делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомоствосы қаза болғандардың отбасыларының қайғыларына ортақтаса отырып жарақат алғандарға тезірек жазылуларын, ал бауырлас Түркияның билігіне және халқына терроризммен күресте күш-жігер, шыдамдылық пен табандылық тілейді.

СІМ-нің хабарлауынша, Стамбұлдағы теракт салдарынан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ.

Дереккөз:ҚазАқпарат

1 қаңтар 2017, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.