Атырау, 14 қазан 07:45
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстанда полицияның жаяу жасақтарына көліктерді тоқтатуға тыйым салынады

2 688 просмотра

Қазақстанда 2017 жылдан бастап жол-патруль полициясының жаяу жасақтары жол қозғалысын бақылай алмайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келесі жылдан бастап біз толықтай автопатруль жүйесіне көшеміз. Яғни, жол-көлік қозғалысын автопатруль бақылайтын болады. Ал жол-патруль полициясының жаяу жасақтары жол қозғалысын бақылай алмайтын болады", - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бірінші орынбасары Әлібек Кеніспаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.

Осыған дейін қазақстандық полицейлердің 2017 жылдан бастап арнайы таяқша қолданбайтыны хабарланған болатын."Көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, "тоқта" деген белгі береді және сонымен бірге ысқырықты да пайдаланады немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды да қолдана алады, сондай-ақ автопатрулмен де тоқтатады", - деген еді Сәдубаев.

Дереккөз: Tengrinews.kz

30 желтоқсан 2016, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.