Атырау, 14 қазан 07:40
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

ІІМ: Полиция қызметкерлері енді арнайы таяқ ұстамайды

3 394 просмотра

Қазақстанда полиция қызметкерлері 1 қаңтардан бастап көлікті тоқтату үшін арнайы таяқ (жезл) қолданбайтын болды деп хабарлады Азаттық ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, енді полицейлер көліктерді қолымен ишара жасап және ысқырықпен, я қызметтік көлігіне орнатылған арнайы дыбыс және жарық сигналдарын қолдану арқылы тоқтатады.

ІІМ бұл өзгерістің Қазақстанда құқық қорғау органдарын модернизациялау аясында жасалып отырғанын, Еуропаның бірқатар елдерінде арнайы таяқ қолданылмайтынын айтады. Жолда жүру ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамера, ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылмақ.

Дереккөз: Аzattyq.org

29 желтоқсан 2016, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.