Атырау, 14 қазан 05:27
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды

2 239 просмотра

Фото: Twitter

Таяуда Алматы қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінде мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты ҚР Ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Олардың қатарында Рио-2016 чемпиондары ауыратлет Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландин бар.

Шақыру қағазы Олимпиада алдында келіпті, енді олар Астананың әскери бөлімінде қызмет атқаруы тиіс екен. Келесі жарыстарға қатысу үшін спортшыларға бұл кедергі болмайтыны айтылады.

"Әрбір адам Отанына қызмет етуі керек. Әскер - бұл мектеп, одан әрбір ер азамат өтуі керек", - деді Рахимов.

Дереккөз: Tengrinews.kz

27 желтоқсан 2016, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.