Атырау, 14 қазан 05:29
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстанға Су-30СМ жойғыш ұшақтары әкелінді

1 652 просмотра

Фото: ҚР ҚМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарулы Күштердің жауынгерлік құрамы 4++ үлгідегі СУ-30СМ заманауи көп функционалды жойғыштарының кезекті партиясымен толықты, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Өзінің ұшу және тактика-техникалық сипаттамалары бойынша бүгінгі таңда әлемдік ғылыми-техникалық ілгерілеудің шыңындағы 5-ші үлгідегі ұшақтарға шындап жақындатылған. Ұшақ тәулік бойы, кез келген ауа райында базадан едәуір қашықтықта жауынгерлік тапсырмалардың кең спектрін орындауға қабілетті.

Су-30СМ әуе нысаналарын, сондай-ақ, жерүсті және суүсті объектілерді жою бойынша тапсырмаларды орындайды. Қару-жарақтың кең түрімен және борттық радиоэлектронды құрылғының заманауи кешенімен жабдықталған.

«Аталмыш жойғышты ойдағыдай меңгеру үшін техниканың қыр-сырын жақсы біліп, ұдайы өзін-өзі жетілдіріп отыру қажет. Бір жарым жыл ішінде ұшқыштар аталған ұшақты сәтті игерді. Бұған дәлел ретінде бірқатар оқу-жаттығуларға қатысуын атап өтуге болады. Су жаңа авиациялық техниканың жеткізілуі жалпы алғанда, Қазақстан Қарулы Күштерінің ұшулар қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп авиациялық база командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Теміртас Ыбыраев атап өтті.

Су-30СМ ұшақтарының алғашқы партиясы Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына 2015 жылы бұдан бұрын Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволарының басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде келіп түскенін естеріңізге сала кетейік.

Дереккөз: Іnform.kz

27 желтоқсан 2016, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.