Атырау, 14 қазан 05:29
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына оқ тиіп, ауруханаға түсті

2 824 просмотра

25 желтоқсанда сағат 16.00-де облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов абайсыз аңшылық тегіс ұңғылы қарумен сол иығын жарақаттап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бір сағаттың ішінде Нұрлан Қасымов дереу облыстық ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған.

"Бүгінгі күні Нұрлан Қаукенұлының жағдайы тұрақты", - деді басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Оразалин.

Еске салайық, Нұрлан Қасымов Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып 2012 жылы тағайындалған. Бұған дейін ол бас дәрігер, Астана қаласы "Жедел медициналық көмек көрсету республикалық ғылыми орталығы АҚ-ның басшысы міндетін атқарған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

26 желтоқсан 2016, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.