Атырау, 22 желтоқсан 22:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ұлттық банк: БЖЗҚ қызметі тексеріліп жатыр

3 072 рет қаралды

21 желтоқсаннан бастап Қазақстан Ұлттық банкінің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" (БЖЗҚ) қызметіне тексеріс жүріп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банк тексеру зейнетақы қорының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операцияларына қатысты жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен құралады. Қор меншікті активтерді дербес басқарады. Ал азаматтардың зейнетақы жинақтары "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" балансынан бөлінген және бөлек есептеледі. 2016 жылы зейнетақы активтерінен экономиканың нақты секторы мен жеке компанияларды инвестициялау қарастырылмаған" делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Ұлттық банк құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсінік беруге құқылы емес екенін айта келе жағдайға қатысты мәлімдемені тексеру толық аяқталған соң жасайтындарын хабарлаған.

Дереккөз: Аzattyq.org

23 желтоқсан 2016, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.