Атырау, 28 қараша 04:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мәжіліс депутаты Тінікеев депутаттарды қалай жасайды?

Бейнежазба
3 521 просмотра

Видеодан үзінді

Редакцияның құзырына бірнеше бейнежазба түскен еді. Онда «Полевой» деп атаған адамды төбе шашынан ұстап алып, бетінен шапалақпен ұрып жатқан қазіргі мәжіліс депутаты Мұхтар ТІНІКЕЕВКЕ қатты ұқсайтын ер адам бейнеленген.

Әуесқойлықпен телефонға түсірілген жазбаға қарағанда, мұны ескі таныстардың «бір рөмке шайға» жиналған кездесуі деуге болады. Кездесу барысында оған қатысушылардың бірін әлдебір күнәлармен айыптаумен қатар, оған талаптар да қойылуда. Шамасы мәжілісте сөз сөйлеп қалған ескі әдетіне басқан болуы керек, кездесу барысын депутаттың өзі жүргізіпті. Рас, көпшілікке арнайтын сөзінен ерекшелігі - мұнда балағат сөздер өте көп қолданылған. Бірінші бейнежазбада Тінікеев, «Мен сенің қарныңды тойдырдым, жібереді деп ойлайсың ба, Полевой?..» деген сөздермен ол адамды жағынан ұрады.

Ал екінші жазбада, соққы жеп, шапалақтан және спирттен беті қызарған адам: «Мұхтар Бәкірұлы мені депутат қылды, ол мені аяғымнан тұрғызып, адам етті... Мен сені ешқашан сатқан жоқпын, саған ешқашан опасыздық жасаған жоқпын...» деп, Тінікеевтің камерасына қарап, алғыс айтады.

Мұхтар Тінікеев танымал тұлға, ол қоғамдық елеулі оқиғаларға депутат ретінде жиі комментарий береді және бүгінде БАҚ кейіпкеріне айналған. Өйткені, теледидар жобаларына қатысудан қашпайды. Мәжілістің тұрақты депутаты – ол республиканың заң органындағы қызметін көптен бері, Одақ кезінде бастаған. Отан мүддесіне қызмет еткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтан екі мәрте жеке алғыс алған.

Анықтама:

1990 -1993 жылдар аралығында – Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің ХІІ шақырылымының халық депутаты.

1994-1995 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ХІІІ шақырылымының депутаты;

2002-2004 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІІ шақырылымының депутаты;

2004-2007 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІІІ шақырылымының депутаты;

2007-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІV шақырылымының депутаты;

2012 жылдың қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партия тізімі бойынша сайланған;

2016 жылдың наурызынан бастап – ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партия тізімі бойынша сайланған.

«Құрмет», «ТМД елдерінің достастығы», ІІІ және ІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарімен марапатталған.

Жазбадағы екінші қатысушы Қарағанды облысының тумасы (Тінікеевтің өзі сол жақтың тумасы) Николай ПОЛЕВОЙҒА ұқсайды. Ол 2003-2007 жылдары Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылымының депутаты болып сайланды, түрлі ЖШС-лер мен КМК-лерде басшылық лауазымдарын атқарған.

Ескерту, бейәдеп сөздер! +18




Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

20 желтоқсан 2016, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.