Атырау, 14 қазан 03:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Министр: зейнетақы мен жөргекпұлды көбейту екі кезеңге бөлінеді

2 147 просмотра

Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова (суретте) 2017 жылы зейнетақы мен жөргекпұл көбейту екі кезеңге бөлініп жүргізілетінін мәлімдеді-, деп хабарлады Азаттық.

«Зейнетақыны 20 пайызға көтеру туралы тапсырма берілді. Қазір біз 1 қаңтардан бастап тоғыз пайызға көтереміз. 1 шілдеден тағы да 11 пайызға көтеріліп, толықтай алғанда 20 пайыз болады. Ал бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы бойынша біз 1 қаңтардан жеті, ал 1 шілдеден 13 пайызға көтеріп, толықтай алғанда 20 пайыз болады» деді министр.

Қазақпарат агенттігінің жазуынша, министр зейнетақы мен жөргекпұлды өсіру үшін мемлекеттік бюджеттен шамамен 90 миллиард теңге қажет екенін айтқан.

15 желтоқсанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке келесі жылдан бастап зейнатақы мен жөргекпұл көлемін 20 пайызға арттыруды тапсырған.

Дереккөз: Аzattyq.org

20 желтоқсан 2016, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.