Атырау, 14 қазан 03:18
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Абаев: Әлеуметтік желіні бұғаттаудың Әблязовпен байланысы жоқ

2 089 просмотра

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанда 16 желтоқсанда әлеуметтік желілердің ашылмай қалуы оппозицияшыл саясаткер Мұхтар Әблязовтің сұхбат беруімен байланысты емес деп мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

16 желтоқсан - Қазақстан тәуелсіздігі күні Мұхтар Әблязов Киевтен басқарылатын "Бәсе" сайтында тікелей эфирде сұхбат берген. Бұл сұхбаттан бірер сағат бұрын және одан кейін де Қазақстанда бірқатар әлеуметтік желілер, оның ішінде Facebook пен YouTube ашылмай қалған.

"Мұның Әблязовтің сұхбатымен байланысы жоқ. Бұл - телекоммуникация желілеріндегі техникалық ақау. Мұндай нәрселер қайталанып тұрады. Мен бұл жағдай 16 желтоқсанмен тұспа-тұс келіп қалғандықтан резонанс тудырды деп білем" деген Абаев бүгін үкімет отырысынан соң әлеуметтік желілердің ашылмай қалу себебі туралы сауалға.

Қазақстанда соңғы жылдары танымал әлеуметтік желілер бірнеше мәрте аз уақытқа бұғатталған еді. Елдегі негізгі провайдер "Қазақтелеком" компаниясы бұл құбылысты "жекелеген компьютерлік желілердің ішкі техникалық ақауы" деп түсіндіруден танбай келеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

20 желтоқсан 2016, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.