Атырау, 14 қазан 03:19
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

«Познермен болған сұхбаттан» кейін қазақстандық журналист қызметінен кетті

2 171 просмотра

«Еуразия» бірінші арнасының баспасөз қызметі «Первая программа» тележобасының бас редакторы Руслан Смыковтың қызметінен кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Baq.kz сайты zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, өткен демалыс Бірінші арна журналистерінің «жұлдызды сұхбатымен» есте қалды. Тіпті, видеоға түсіп қалған журналистер Аймира Шәукентаева мен Руслан Смыков та әлеуметтік желі жұлдызына айналды деуге болады.

Әңгіме кешелі-бері фб пайдаланушыларын дүр сілкінткен сұхбат жайында. Нақтырақ айтсақ, өткен сенбіде «Еуразия» бірінші арнасынан «Аналитика» бағдарламасының жүргізушісі, Бірінші арнаның Қазақстандағы өкілдігінің шеф-редакторы Аймира Шәукентаеваның Владимир Познерге сұхбат беріп жатқаны туралы видео көрсетілді. Бұл видео әлеуметтік желіде бірден қызу талқыға түсіп, әріптестер тарапынан үлкен сынға ұшырады.

Көп ұзамай сұхбаттың жалған екені жарияланды. Познердің «атақты студиясында» бағдарлама авторы мен Аймираның емен-жарқын әңгімесі қазақстандық журналистердің қиялынан туған туынды ғана екен. Ал осы қалжыңы үшін «Первая программа» тележобасының бас редакторы Руслан Смыков қызметінен кетті.

Ал осы оқиғаға қатысты пікір білдірген Владимир Владимирович Познердің өзі мұны қалжың ретінде қабылдайтынын жеткізді.


Дереккөз: Baq.kz

20 желтоқсан 2016, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.