Атырау, 14 қазан 03:24
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Төлешов қай баптар бойынша өз кінәсін мойындады?

2 121 просмотра

Республиканың әскери сотында Тоқтар Төлешовтің қай баптар бойынша өз кінәсін мойындағаны жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2016 жылы 7 қарашада Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әскери сотында судья Ербол Ахметжанов Тоқтар Төлешовке қатысты сот үкімін шығарған болатын. Ол 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Сонымен қатар, Төлешов тағылған айыптардың бір бөлігін ғана мойындады, ол өзінің заңсыз қару-жарақ ұстағанын және суық қару ұстағанын ғана мойындады", - деді әскери сотта. Айта кетейік, сот процесі жабық түрде өтті.

Төлешовтің және басқа да сотталушылардың адвокаттары сот үкіміне арыз берді. Қазіргі уақытта іс материалдары республикалық әскери соттың аппеляциялық коллегиясының қарауында. Ол келесі аптада қаралатын болады.

Тоқтар Төлешов пен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс әскери сотқа 29 тамызда "Құпия" тәртібінде түскен болатын. Сот процесі 14 қыркүйекте басталған. Қылмыстық іс 300 томнан тұрады. Бұл іс бойынша жүзден аса куәгер, 17 жәбірленуші және жәбірленуші тараптың 12 өкілі қатысты. Төлешов қылмыстық топты құрып, оны басқарды, зорлық-зомбылық, бөтеннің мүлкін бүлдіру, ұрлау, қарақшылық, адам өлтіру және билікті басып алуға үгіттеу және жарияланымдар шығару бойынша айыпталып жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

15 желтоқсан 2016, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.