Атырау, 14 қазан 01:23
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Бас прокуратура алдында өзін өртеген әйел қайтыс болды

2 632 просмотра

ҚР Бас прокуратурасының алдында өзін-өзі өртеген әйел қайтыс болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Бас прокуратураның ғимараты алдында өзін-өзі өртеген әйелдің бүгін таңертең көз жұмған. Қосымша ақпарат жарияланатын болады.

Айта кетейік, желтоқсанның 6-сы күні Майра Рысманова Бас прокуратураның бақылау-өткізу бекетінде өзіне бензин құйып, от салған. Сол жерде жүрген адамдар оған көмекке келеді. М.Рысманова осы әрекетімен Жамбыл облысы Шу аудандық сотының шешіміне наразылық білдірген. Оның ұлы Е.Аxметовті заңсыз есірткі айналымы үшін 4 жыл 6 айға соттаған.

Ал Бас прокурор Жақып Асанов өзін-өзі өртеген әйел үшін біліксіз мамандарды кінәлады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

14 желтоқсан 2016, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.