Атырау, 14 қазан 01:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

ЭКСПО-2017 көрмесіне кімдер тегін кіре алады?

2 185 просмотра

Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің басталуына тура жарты жыл бұрын іс-шара билеттерін кассаларда сату басталды,- деп хабарлады Baq.kz.

Билет кассаларының ашылу салтанаты астаналық «Керуен» СОО-да, «Хан-Шатыр» СОО-да, сондай-ақ «MEGA Park» және «Алматы MEGA Орталығы» СОО-да өтті.

Айта кету керек, көрме билеттерін онлайн сату биылғы жылдың 10 маусымында, яғни көрмеге дейінгі бір жыл бұрын басталған болатын.

Енді билеттерді тек ресми сайттан ғана емес, сондай-ақ кассалардан тікелей сатып алуға болады. Билеттер құны әртүрлі. Айталық, жұмыс күндері белгілі бір нақты күні кіруге арналған билетінің бағасы 4000 теңге, демалыс күні – 6000 теңгені құрайды. Күні белгіленбеген, яғни ашық даталы билет 2000 теңгеге қымбат болады.

Студенттер, оқушылар, көп балалы аналар және жеңілдік санатына кіретін басқа да қазақстандықтар ЭКСПО-2017 көрмесіне 50 пайыз жеңілдікпен кіре алады. Ал соғыс ардагерлеріне, алты жасқа дейінгі балаларға, жетім балаларға, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға – билет тегін. Аталған әлеуметтік топтарға арналған жеңілдік шарттары Көрмені өткізу кезеңінде ғана қолданылады.

Дереккөз: Baq.kz

13 желтоқсан 2016, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.