Атырау, 14 қазан 01:29
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Неміс маманы: Рахат Әлиев кісі қолынан қаза тапқан

1 897 просмотра

Фото: Reuters

Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы, былтыр ақпанда Вена түрмесінде өлі күйінде табылған Рахат Әлиев кісі қолынан қаза тапқан. Австриялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл туралы 12 желтоқсанда Венада өткен баспасөз конференциясында неміс профессоры, буындыру және асып өлтіру істері бойынша маман Бернд Бринкманн мәлімдеді. Ол ресми сот-медициналық сараптамасының "Әлиев өзі асылып өлді" деген тұжырымын қате деп атады. Бринкманн Әлиевтің мәйітіне жасалған паталогоанатомиялық зерттеулерден соң марқұмды денесінде зорлық іздері аса білінбейтіндей деңгейде буындырып өлтірген деген қорытынды жасағанын айтты,- деп хабарлады Азаттық.

Баспасөз жиынында Әлиевтің жесірінің адвокаттары қазір тергеуді қайта жүргіздіртуге талпынып жатқанын айтты.

Бір кездері Қазақстанның Австриядағы елшісі, Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болған Рахат Әлиев кейін Нұрсұлтан Назарбаевты сынап шыққан. Ал 2007 жылы оған қазақстандық екі банкирді өлтіруге тапсырыс берді деген айып тағылған. Әлиев айыпты мойныдамай, оның саяси астары бар деп мәлімдеген. Әлиев қуғынға ұшыраған соң әйелі, Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаевамен ажырасып, кейін басқа адамға үйленген.

Вена түрмесінде 2014 жылдың маусымынан бері қамауда отырған Рахат Әлиевке Австрия прокуратурасы жарты жылдан кейін «Нұрбанктің» екі топ-менеджері - Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің өліміне қатысы бар деп айып таққан. Қазақстан билігі оны «екі адамды ұрлап әкетіп өлтірді әрі мемлекеттік төңкеріс әзірледі» деген айыппен сырттай 40 жылға соттаған. Ал 2015 жылғы ақпанның 24-і күні оның түрмеден өлі күйінде табылғаны хабарланған.

Дереккөз: Аzattyq.org

13 желтоқсан 2016, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.