Атырау, 14 қазан 01:24
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

ҚР АШМ азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін құрылған тұрақтандыру қорларының жұмысының тиімсіздігін айтты

8 050 просмотра

Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның өңірлерінде құрылған тұрақтандыру қорларының азық-түлік өнімдерінің бағасын тежеудегі жұмысы тиімсіз, деді АШМ вице-министрі Қайрат Айтуғанов. ҚР үкіметінің сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, кезекті Үкімет отырысында әлеуметтік мәні бар азық-түлік өнімдеріне бағаның көтерілуін болдырмау шаралары қарастырылды.

«Жалпы алғанда, аймақтар бойынша белгілі бір жұмыстар атқарылды, оның жекелеген түрлері бойынша жұмыстар күшейтілді. Атап айтқанда, өткізілетін жәрмеңкелер саны артты. Мәселен, қыркүйек айынан қараша айына дейінгі кезеңде 1 493 жәрмеңке өткізілді, оларда 9,1 млрд теңге сомасына азық-түлік өнімдері сатылды. Ал 2015 жыл ішінде олардың саны 3 500 ғана болған. Соған қарамастан, аймақтардағы тұрақтандыру қорлары тиімсіз жұмыс істеуде», – деді өз баяндамасында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов.

Спикердің айтуынша, жағдайда талдау арқылы бірқатар мәселелер айқындалды. Мәселен, тұрақтандыру қорына бөлінген қаражаттың бір бөлігі көбіне депозиттерде жатады. Бұл ұсынылған слайдта көрсетілген. Жекелеген аймақтар бойынша депозиттер көлемі бөлінген қаражаттың жартысынан асады.

Осыған байланысты дебиторлық қарыздың аса көп болуы назар аудартады, жекелеген жағдайларда ол 90% дейін жетеді.
Қ. Айтуғановтың пікірінше, аталған мәселелер ең алдымен тиімсіз менеджменттің салдары болып табылады.

Мысалы, Алматы қаласының әкімдігі өткен жылдың желтоқсан айында тұрақтандыру қорына 14 млрд теңге бөлген. Аталған сомадан 13,4 млрд теңгесі әлі күнге дейін депозитте жатыр. Сөйте тұра, Алматыда азық-түлік өнімдеріне бағалар жыл басынан бері 8,4% өскен.

«Тұрақтандыру қорларының жұмысының айқын жоспарын құру қажет, онда нені, кімнен, қашан сатып алу, қайда сақтау, қандай уақыт аралығында сату мәселелері айқындалуы тиіс. Алайда аймақтарда тетіктерге жеткілікті түрде көңіл бөлінбейді, мұндай жоспарлар құрылмайды. Нәтижесінде тұрақтандыру қорлары тұрақты жұмыс істемейді», – деп атап өтті бірінші вице-министр.

Дереккөз: ҚазТАГ

12 желтоқсан 2016, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.