Атырау, 14 қазан 01:23
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Астана мұнай өндіру көлемін азайту жайын түсіндірді

2 664 просмотра

Қазақстан мұнай өндіруші елдермен жасасқан келісім бойынша өндіріс көлемін тәулігіне 20 мың баррельге азайтады деп хабарлады Азаттық энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

10 желтоқсанда Венада мұнай өндіруші елдер ұйымы (ОПЕК) және оған кірмейтін елдер (Әзербайжан, Бахрейн, Боливия, Экваторлық Гвинея, Қазақстан, Малайзия, Оман, Ресей, Судан және Оңтүстік Судан) министрлерінің жиыны өткен. Онда мұнай өндірісі көлемін азайту туралы ортақ келісім жасалған.

Келісім бойынша, ОПЕК елдері мұнай өндірісін тәулігіне 1,2 миллион баррельге дейін азайтып, тәуліктік норманы 32,5 миллион баррельге түсіреді. Ұйымға кірмейтін елдер өндірісті 558 мың баррельге дейін азайтады. Келісім келесі жарты жылдықтың соңына дейін күшінде болмақ.

Қазақстан келісім бойынша өндіріс көлемін қарашада өндірген мұнай көлемінен азайтпақ. Қазақстан қарашада 1,7 миллион баррель мұнай өндірген.

Министрлік 20 мың баррель мұнай Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы кеніштерінде өндірісті қысқарту есебінен азайтылатынын, Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кеніштерінде өндіріс көлемі азаймайтынын айтады.

Келісімге сай, Ресей тәуліктік өндіріс көлемін 300 мың баррель, Мексика 100 мың баррель, Әзербайжан 30 мың баррель, Малайзия 20 мың баррельге азайтуға міндеттеме алған.

Дереккөз: Аzattyq.org

12 желтоқсан 2016, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.