Атырау, 22 желтоқсан 17:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстандық оқушылар бағдарлама жасаудан өткен Бүкілресейлік олимпиадада жеңіске жетті

1 936 рет қаралды

Фото: vk.com

Қазақстандық мектеп оқушылары бағдарлама жасаудан 17-ші Бүкілресейлік командалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бағдарлама жасаушылардан құралған "Алматы + Астана, КТЛ #1" командасы 200-ден аса бәсекелесінен озып шықты. Турнирдің кестесіне сәйкес, Санжар Бидайбек, Асхат Жалғасов пен Нұрбақыт Мадибек берілген 11 тапсырманың тоғызын шеше алды. Осылайша қазақстандық мектеп оқушылары 1-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. 2-орынды "Интеллектуал + СУНЦ МГУ: Вова спит дома" (Мәскеу) командасы иеленсе, 3-орынды "Бағдарлама жасаушылар мектебі #1" (Мытищи) алды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы білім-инновация лицейінің оқушылары әлемдік IT-қауымдастықтың тізіміне енген болатын.Әлемнің миллионнан аса бағдарлама жасаушысын біріктіретін HackerRank платформасы университеттердің кодтау бойынша мамандандырылған бағдарлама жасаушыларын дайындаудағы деңгейін анықтап, жоғары оқу орындарының рейтингін жасаған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

12 желтоқсан 2016, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.