Атырау, 26 сәуір 15:18
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

СІМ: Стамбулдағы шабуылдан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

2 640 просмотра

Фото: YASIN AKGUL/AFP

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Стамбулда болған жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы бүгін Азаттыққа министрліктің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

10 желтоқсан күні кешке Стамбулда Түркияның жетекші екі футбол командалары арасындағы матчтан соң стадион маңында болған екі жарылыстың салдарынан 38 адам қаза тауып, 166 адам қаза жараланған. Стадионда полиция көлігінің қасына қойылған мина жасырылған көлік жарылысы мен жергілікті паркте жанкештінің өз-өзін жарып жіберуінен құрбан болғандар арасында полицияның 30 қызметкері бар.

Шабуыл жауапкершілігін әзірге ешбір топ мойнына алмады. Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлудың сөзінше, шабуылды Күрдістан жұмысшы партиясы ұйымдастырған болуы мүмкні.

Жарылыстан соң билік құрбандарды аза тұту күнін жариялады. Түркиялық БАҚ-тың ақпаратына қарағанда, Түркия президенті Режеп Ердоған жарылыстарға байланысты Қазақстанға 11-12 желтоқсан күндері жоспарлаған ресми сапарынан бас тартқан.

Дереккөз: Аzattyq.org

12 желтоқсан 2016, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.