Атырау, 14 қазан 01:28
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ердоған Қазақстанға екі күнге сапармен келеді

2 953 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтары АА

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 11 желтоқсанда Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Түрік мемлекеті басшысының әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Түркия президенті елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен келеді екен.

Сапар барысында Ердоғанның Назарбаевпен кеңейтілген құрамда кездесуі жоспарланған. Қазақстан мен Түркия президенттері екі елдің арасындағы қарым-қатынас, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Қазақстан-Түркия жоғары деңгейдегі стратегиялық әріптестік Кеңесінің үшінші отырысына дайындық мәселелерін талқылайды. Айта кетейік, отырыс 2017 жылы Түркияда екі елдің басшыларының төрағалығымен өтеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

9 желтоқсан 2016, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.