Атырау, 14 қазан 01:30
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

ҚР бас прокуратурасында Сейтқазы Матаев рақымшылыққа ілігуі мүмкін дейді

2 701 просмотра

Aстана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстан бас прокуратурасының өкілі Қазақстан журналистер одағының төрағасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған рақымшылыққа ілігу мүмкіндігінің барлығын теріске шығармайды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Нақты сот үкімін қарастыру керек. Сот үкімі бүгін осындай, ертең басқаша болуы мүмкін. Егер ол баптарға қарасақ, ол (Сейтқазы Матаев - ҚазТАГ) рақымшылыққа ілігуі мүмкін», - деді бас прокуратураның өкілі жұма күні сенат дәліздерінде журналистерге.

«Бұл ретте ол ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған рақымшылық туралы заң бойынша «орта ауыртпалықтағы қылмыстары үшін сотталған белгілі санаттағы тұлғалар жазадан босатылады» деп түсіндірді.

«Оның ішінде 60-тағы және одан да үлкен жастағы ер азаматтар бар. Сәйкесінше, Сейтқазы Матаев рақымшылыққа ілігуі мүмкін, оның ішінде, оның жасын ескеріп болса да), - деді ол.

3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын алаяқтық жасаған және салықтан жалтарды деп айыптап, мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 3 қарашада іс Астана қалалық сотына түсті. 7 қарашада апелляциялық коллегияның отырысы өтетін күнді тағайындау туралы қаулы қабылданды. Қорғаушылар жағы Астана қалалық сотының апелляциялық коллегиясына 60 өтініш берді.

Бүгін, 9 желтоқсанда Астана сотының апелляциялық коллегиясы Матаевтардың басшылық қызметте болу құқығына өмір бойына тыйым салудан 10 жылға тыйым салуға өзгертіп, негізгі жазасын өзгеріссіз қалдырды.

Дереккөз: ҚазТАГ

9 желтоқсан 2016, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.