Атырау, 13 қазан 23:21
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

2016/17 маусымында «Астана» футболшылары 4,2 млн. еуро табыс тапты

2 413 просмотра

Фото: Tengrinews.kz«Астана» футбол командасы Еуропа Лигасының 2016/17 маусымының нәтижесі бойынша өз бюджетін қандай сомаға толықтыратыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Sports.kz-тің жазуынша, қазақстандық команданың жалпы табысы 4,2 млн. еуроны құрады. «Астана» Чемпиондар Лигасы біліктілік кезеңдерінің матчтарында 1 млн. еуро, ал Еуро Лигасының топтық кезеңіне өткені үшін 2,6 млн. еуро алды. Топта «Астана» футболшылары бір жеңіске қол жеткізді (360 мың еуро) және екі рет тең ойын көрсетті (120 мың еуро х 2). Сөйтіп, қосымша 600 мың еуро табыс тапты.

Айта кетейік, өткен маусымда «Астана» командасы биылғы табысынан 13 млн. еуроға артық ақша тапқан болатын. Ол кезде астаналықтар Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өте алған еді.

Дереккөз: Іnform.kz

9 желтоқсан 2016, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.