Атырау, 13 қазан 23:18
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Алматыдағы қазақ-түрік лицейінің оқушылары әлемдік IT-қауымдастықтың тізіміне енді

2 065 просмотра

Әлемнің миллионнан аса бағдарлама жасаушысын біріктіретін HackerRank платформасы университеттердің кодтау бойынша мамандандырылған бағдарлама жасаушыларын дайындаудағы деңгейін анықтап, жоғары оқу орындарының рейтингін жасады. Тізімде алматылық қазақ-түрік лицейі де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тізім қолданушылардың берілген тапсырмаларды қалай шешкеніне байланысты жасалды. Рейтингке әлемнің 126 университеті мен колледждердің 5,5 мыңнан аса студенті қатысты. Әрбір тапсырма үшін әр университетте белгілі бір ұпай қосылып отырған.

Осылайша HackerRank нұсқасы бойынша, рейтингтің 1-орнында Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті тұр. Ал екінші болып Қытайдағы Sun Yat-sen Memorial Middle School тұрса, 3-орынға Вьетнамдағы Ho Chi Minh City University of Science университеті тұрақтады. Ал Алматыдағы қазақ-түрік лицей болса, рейтингтің 21-орнында тұр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

9 желтоқсан 2016, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.