Атырау, 16 қазан 13:36
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Астанада «Ш» белгісін тақпаған жүргізушілерге айыппұл салынбайды

2 431 просмотра

Бүгін халықпен кездескен Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев қоластындағы қызметкерлер Астана қаласында "Ш" деген белгіні тақпаған бір де бір жүргізушіге айыппұл салмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ш" белгісін тақпаған жүргізушілерге айыппұл салынбасын деген тапсырма берілді. Яғни, біздің патрульдік полиция "Ш" белгісін тақпаған жүргізушілерге айыппұл салмайды. Тек тоқтатып, ескерту жасайды. Біздің ата-аналарымыз Кеңес үкіметі кезінен сол белгіге үйреніп қалған ғой. Бірақ, əрбір адам өз қауіпсіздігі үшін өзі жауап берсе, көлігінің доңғалағында бүрі болса, белгіні тағып алса жөн болар", - деді Б.Малыбаев.

Айта кетейік, ЖПҚ (жергілікті полиция қызметі) учаскелік полиция инспекторлары бөлімшелерінен, кәмелетке толмағандар істері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден, жол-патрульдік полициясынан, табиғатты қорғау полициясынан, қабылдау-бөлу орындарынан және арнаулы қабылдау орындарынан тұрады және ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді.

Дереккөз: Іnform.kz

7 желтоқсан 2016, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.