"Самұрык-Қазына" төрағасы қордағы қай еншілес компаниялардың акциялар бөлігін сатуды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысы барысында Өмірзақ Шөкеев "Самұрык-Қазына" қорының мемлекеттік комиссия өкілдерімен біріге отырып, компанияның негізгі активтерінің IPO арқылы жекешелендірілетінін айтты.
"Біз осы автивтерді қалай жүзеге асыратынымыз жайлы келістік. Мысалы, "Эйр Астана" компаниясы 2017 жылдың соңында немесе 2018 жылдың бірінші жартысында акцияларын сатпақшы. Ал екінші акционермен барлығы келісіп қойылған. Сәйкесінше, акцияның 51 пайызы қазақстандық инвесторларда қалуы тиіс", - деді Шөкеев.
Оның айтуынша, "Қазақтелеком" компаниясының 49 пайызы - жеке меншік. Оны IPO-ға шығару келесі жылдың соңына жоспарланып отыр. "ҚазАтомПром" компаниясы IPO-ға 2018 жылдың бірінші жартысында шығарылып, акциялардың 25 пайызы сатылады деп жоспарланды. "Самұрық-Энерго" компаниясы болса, 2019 жылы акцияларының 25 пайызын сатпақшы", - деді Шөкеев.
"Қазпошта" компаниясы 2019 жылы акцияларын 49 пайызға дейін IPO-ға шығармақшы. "Қазақстан Темір Жолы" бастапқыда банктің қаржы жағдайын сауықтырып, кейін 2020 жылы ғана IPO-ға шығармақшы. Осылайша, оның нарықтағы жалпы үлесі 25-49 пайызға дейін жетеді", - деді ол.
"Сондай-ақ, біз қазір дамып жатқан - Qazaq Air мен "ТауКен-Самұрық" компанияларын да IPO-ға дайындайтын боламыз. Бірақ ең бірінші болып IPO-ға "Эйр Астана", "Қазақтелеком" және "Қазатомпром" компаниялары шығарылады", - деді Өмірзақ Шөкеев.
Айта кетейік, қор төрағасы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне IPO-ға шығарылатын компаниялардың активтерін дайындаумен айналысатын жұмыс тобын құруды ұсынды.
Сонымен қатар, Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, 2017 жылы Air Astana мен "Қазақтелеком" компаниялары да IPO-ға шығарылуы мүмкін.
"2018 жылы тағы екі ірі компанияны енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Жалпы, 2019-2020 жылдары "Самұрық- Энерго" мен "Казпочта" компаниялары IPO-ға шығарылады деп жоспарланып отыр", - деді ведомство басшысы.
Бишімбаевтің айтуынша, Мемлекет басшысы айтылған ұсыныстарды 2016 жылдың 1 қарашасында қабылдап қойған.
Дереккөз: Tengrinews.kz