Атырау, 22 желтоқсан 16:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Назарбаев Сыртқы істер және сауда министрлігін құруды ұсынды

2 260 рет қаралды

Фото: Tengrinews.kzМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында Сыртқы істер және сауда министрлігін құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыртық сауда және инвестиция бірге болуы керек. Бізде сауда бір министрлікте, инвестиция екіншісінде. Біреу әрбір (Қазақстанға қызығатын- автор ескертпесі) компанияның артынан жүріп, осында тарту керек. Жұмыс істейтін елдер осылай жасайды. Ал бізде бұл жоқ. Мұнымен нақты кім айналысатынын анықтап алуымыз керек. Бізде осындай адамдар бар ма? Жоқ болса, олардың орнына шетелдіктерді қойып, ақша төлеу керек. Экспортпен біреу айналысу керек қой. Үкімет инвестиция қайда, сауда қайда екенін ажырату қажет. Сыртық істер министрлігі көптеген елдердегідей Сыртқы істер және сауда министрлігі болу керек шығар? Ал Индустрия министрлігінде индустриамен айналысу қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, Астанада Елбасының қатысуымен Қазақстан индустриализациясының екінші бесжылдығы, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы мен елдің индустриалды-инновациялық дамуын ілгерлетуге арналған жалпыұлттық телекөпір жүріп жатыр. Қазақстан Президенті индустриализация аясында нысандардағы өндіріс пен жобалар құрылысына бастау берді.

Сонымен қатар, бүгін Астанада Қазақстан Президентінің "Алтын сапа" жүлдесін ұсыну салтанаты, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық конкурс-көрмесінің жеңімпаздарын марапаттау және "Парыз" бизнеске әлеуметтік жауапкершілік конкурсының жүлдегерлерін марапаттау өткен болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

6 желтоқсан 2016, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.