Атырау, 14 қаңтар 19:22
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Сағынтаев: «Қалыңдық ұзатылуға дайын, бірақ алатын жігіт жоқ»

2 242 рет қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында мемлекеттік-жекеменшік əріптестік туралы министрлер мен əкімдердің баяндамасын тыңдаған Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл салаға қатысты айта келе: "Қалыңдық ұзатылуға дайын, бірақ алатын жігіт жоқтың" кебін киіп отырмыз, - деді.

"Баяндамалардан білгеніміз, бұл бағытта белгілі бір жұмыстар қолға алынған екен. Министр (Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев - агенттік) баяндағандай, заңнамалық база жасалған. Аймақтардың əкімдері баяндағандай, оларға лимит беріледі екен. Мемлекеттік-жекеменшік əріптестік саласында шамамен 300-дей жоба бар екенін де білдік. Баяндамаларыңыз, əрине, жақсы. Дегенмен, "қалыңдық ұзатылуға дайын, бірақ алатын жігіт жоқ" дейді ғой. Тура соның кейпін киіп отырмыз. Осы мемлекеттік-жекеменшік əріптестік туралы үнемі айтып жүрміз, заңнаманы да үнемі өзгертеміз. Бірақ, əлі күнге дейін тек ауызбен жоспарды ғана айтып келеміз", - деді Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев. Үкімет басшысы атап өткендей, мемлекеттік-жекеменшік əріптестік балабақша салуға пайдасын тигізуі керек.

"Егер жоспар орындалса, 2017-2019 жылдар аралығында 1630 балабақша салады екенбіз. Ерлан Кенжеғалиұлы (Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев - агенттік), егер де осы екі жыл ішінде салынатын 1630 балабақшаның тым болмағанда жартысын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында сала алсақ, жөн болар еді. Бірақ, бұл салада қаралмаған əлі талай дүние бар", - дей келе, Үкімет басшысы ең алдымен мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясындағы жобалардың қаралу мерзімін азайту керектігін айтты.

Дереккөз: Іnform.kz

6 желтоқсан 2016, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.