Атырау, 11 қараша 02:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

СҚО: Сот "Ресейге қосылуды жақтаған" адамға үкім шығарды

2 538 просмотра

Петропавл қаласында сот Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынын "әлеуметтік желілерде ұлтаралық алауыздықты өршітті және Ресейге қосылуға шақырды" деген айыппен бес жарым жылға соттады деп хабарлады Азаттық жергілікті агенттіктерге сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының хабарлауынша, Қызылжар ауданы Соколовка ауылының тұрғыны Игорь Чуприна "Қазақстан республикасының егемендігі мен тұтастығын, оның территориясының қол сұғылмаушылығы мен иеліктен шықпауын бұзуды, мемлекетті бөлшектеуді насихаттау" және "Ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдаланып ұлттық алауыздықты өршітуге бағытталған қасақана әрекет жасау" баптары бойынша айыпты деп танылған.

Тергеу материалдары бойынша, Чуприна 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2015 жылдың 20 мамыры аралығында "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында желі қолданушыларымен байланыста "қолданушылардың теріс реакциясы мен әлеуметтік шиеленіс тудыратын" және "ұлттық төзімсіздік белгілері бар" комментарийлер жариялаған.

Үкім әзірге заңды күшіне енбеген.

Сот диалогқа қатысқан өзге қолданушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтады.

Дереккөз: Аzattyq.org

5 желтоқсан 2016, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.