Атырау, 22 желтоқсан 16:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Қазақстан» корпорациясына жылына бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді

3 335 рет қаралды

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясына келесі жылға мемлекеттен 18 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін «Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы» өткен Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Еліміздің ақпараттық саясатын насиxаттауға мемлекеттік бюджеттен отандық БАҚ-қа былтыр 42 миллиард теңге қарастырылған. Ал келесі жылға 43 миллиард теңге бөлінеді екен. Оның 18 миллиарды «Қазақстан» телерадиокорпациясына берілмек. Министр медиа саласындағы еліміздің ең үлкен мекемесі үшін бұл көп ақша емес деп отыр.

«Бұл ақша көп емес. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына жалпы 23 ақпарат құралы кіреді. Оның ішінде 3 республикалық телеарна, 4 радио, 14 аймақтық филиал, ақпарат агенттігі бар. Сондықтан 18 миллиард аса көп ақша емес деп ойлаймын. Халықаралық спорттық ойындарды сатып аламыз. Мысал ретінде өткен Олимпиада ойындарын айтуға болады. Оның сыртында жалақы бар», - дейді Д.Абаев.

Дереккөз: Baq.kz

5 желтоқсан 2016, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.