Атырау, 14 қаңтар 19:22
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Ақмола облысында прокуратура қызметкерлері ұсталды

2 788 рет қаралды

Ақмола облысында прокуратураның үш қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының хабарламасына сілтеме жасап.

Облыстық прокуратураның үш қызметкері ұсталып, уақытша қамау абақтысына жабылды. Олар қызметтік бабын асыра пайдаланды және заңсыз аң аулаумен айналысты деген күдікке ілініп отыр. "Қазіргі кезде дәлелерді жинау мен бекіту бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Күдіктілерді ұстаудың егжей-тегжейі мен тергеу барысы БАҚ бетінде жарияланып тұрады", - дейді Бас прокуратураның өкілдері.

Дереккөз: Tengrinews.kz

5 желтоқсан 2016, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.