Атырау, 22 желтоқсан 16:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астана қалалық сотында Матаевтардың ісі бойынша аппеляциялық комиссияның отырысы басталды

2 514 рет қаралды

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Астана қалалық сотында Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевтың ісі бойынша аппеляциялық комиссияның отырысы басталды.

5 желтоқсанда 10.00 сағатта, Сауран к-сі, 32, мекен жайындағы Астана қалалық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың қылмыстық ісі бойынша сот коллегиясының отырысы өтуде. Сотқа төрағалық етуші елордалық аппеляциялық сот коллегиясының судьясы Алма Есімова.

Бұрын хабарланғандай, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын алаяқтық жасаған және салықтан жалтарды деп айыптап, мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С. Матаевтың адвокаты бұл үкіммен келіспей оны бұздырмақшы.

3 қарашада іс Астана қалалық сотына түсті. 7 қарашада аппеляциялық коллегияның отырысы өтетін күнді тағайындау туралы қаулы қабылданды. Қорғаушылар жағы Астана қалалық сотының аппеляциялық коллегиясына 60 өтініш берді.

Дереккөз: ҚазТАГ

5 желтоқсан 2016, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.