Атырау, 13 қазан 21:27
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстанның ауыр атлетика құрамасына жаңа бапкер келді

1 799 просмотра

Қазақстанның ауыр атлетикадан бас бапкері қызметіне Юрий Мельников келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай шешім Қызылордада 2 желтоқсанда Федерацияның бапкерлермен болған кеңесінде қабылданды.

59 жастағы Юрий Мельников Шымкент қаласында дүниеге келген. 1985 жылдан бастап бапкер қызметін атқарып келеді. Мельников 1992-2002 жылдары Қазақстан құрамасының бапкері де болған. 2000-2002 жылдары әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. Айта кетейік, Юрий Мельников соңғы жылдары Шымкенттегі спорт мектептерінде жұмыс істеген. Сондай-ақ, Мельник "Кұрмет" және басқа да Қазақстан Тәуелсіздігінің 10-жылдығы және 20-жылдығы қарсаңында сыйланған медальдарға ие.

Еске сала кетейік, 25 қарашада осыған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінде болған Алексей Ни қызметінен кеткен болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

5 желтоқсан 2016, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.