Атырау, 14 қаңтар 19:21
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қазақстанның әскери қызметшілері ШЫҰ елдері бөлімшелерінің бірлескен жаттығуына қатысып жатыр

2 105 рет қаралды

Фото: ҚК ҚМҚытайдағы Корла қаласы оқу-жаттығу базасының спорт кешенінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде әскери қызметшілердің бірлескен таулы-атқыш жаттығуы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Оған Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің бөлімшелері қатысуда. Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын саны 28 адамнан құралған әскери қызметшілер қорғайды.

Бүгінгі күні бірлескен жаттығуға қатысушылар оқу-жаттығу базасының инфрақұрылымымен танысып үлгерді және бөлімшелер құрамында қарумен 5 000 метрге жүгірді. Одан кейін әскери қызметшілер толық жауынгерлік жарақтандыруда 100 метр қашықтықтағы қоршауды бұзып өту бойынша көрсетпелі әдістемелік сабаққа қатысты.

Сонымен қатар, бірлескен жаттығу бағдарламасы оқ атусыз қаруды қолданудың тактикалық негіздерін, оқ атуды бастаусыз үш нүктедегі қарудың үш түрін, сонымен қатар, әскери қызметшілердің таулы-атқыш дайындығын жетілдіруге бағытталған бірқатар практикалық сабақтарды қамтиды.

Дереккөз: Тengrinews.kz

2 желтоқсан 2016, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.