Астана. 2 желтоқсан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 30 мыңға жуық адам рақымшылыққа ілігуі мүмкін, деп хабарлады ҚР бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель.
«Шамамен есептегенде 30 мыңдай адам», - деді И. Меркель журналистерге жұма күні парламент мәжілісінің «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын талқлайтын жұмыс тобының отырысының алдында.
Оның айтуынша, қылмыстық іс қозғалып қойған ауыртпалығы аз (2 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру) қылмыстық істер тоқтатылады. Ауыртпалығы орташа қылмыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топ өкілдеріне жазадан босату қарастырылған. Бұл тізімге енбегендердің барлығына жаза, бостандығын шектеумен алмастырылады.
Бұрындары ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық қолданылдмайтын. Жаңа ҚК сот тағайындаған жазаны қысқартуды қарастырады. Ауыр қылмыстарға жаза ширек бөлігіне қысқартылады, аса ауыр қылмыс жасағандардың жазасының бестен бірі қысқартылады.
«Ол адам шартты түрде мезлігінен бұрын босап шығуына мүмкіндігі болады. Бұрын жазасы жұмсартылатын. Белгілі бір баптарға тыйым салынған. Олар жыныстық қол тигізбеушілік пен адам өлтіру және бірқатар басқа баптар», - деді ол.
И. Меркельдің айтуынша, рақымшылық 6 ай бойына болады. Қазақстан колонияларында 36 мың шамасындағы адам жазасын өтеуде. Оның ішінде тергеуде жатқандар да бар. Олардың рақымшылықпен шамамен 1,8 мыңы бостандыққа шығады.
Дереккөз: ҚазТАГ
В Атырау 0