Атырау, 13 қазан 21:31
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл қаласының тұрғыны сотталып жатыр

Бейнежазба
2 234 просмотра

Еліміздің солтүстігінде "Қазақстанның қалалары мен көше атауларын қазақшаға өзгертетін болса референдум өткіземіз" деп бастама көтерген азамат сотталып жатыр. Қазақ атауларына қарсы шыққан 37 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны. Ұлтаралық және дінаралық араздық тудыртып, сепаратистік бастамалар көтергені үшін енді ол заң алдында жауап беретін болады,- деп хабарлады 31 арна.

Сотта айтылғандай 37 жастағы Игорь Чуприна 2014 және 2015 жылдары өзінің "Bконтакте" әлеуметтік парақшасында халық арасындағы алауыздықты тудыратын жазбаларды үнемі үздіксіз жариялап отырған. Әсіресе, Петропавлдағы ауылдар мен көше атауларының қазақ тіліне өзгеруіне қарсы болып, "Вконтакте" парақшасында өзіне жақтастар іздеген. Аталмыш жазбалар көптеген желі қолданушыларының наразылығын тудырған.

ДАНИЯР ӘБЖИКЕЕВ, Куәгер:

- Менің "Ояныңдар, референдум" дегені қатты жаныма батты. Мен бұны өзіме ұлттық қауіп ретінде қабылдадым.


Дереккөз: 31 арна

2 желтоқсан 2016, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.