Атырау, 13 қазан 21:30
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Алматыда көлік астына секірген жаяу жүргіншілердің бірі ұсталды

Бейнежазба
1 818 просмотра

Алматы полициясы Каблукова көшесінде көлік жүргізушісін арандатпақ болған жаяу жүргіншіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, таяу күндері әлеуметтік желілерде жол бойындағы арандатушы жаяу жүргінші туралы бейнетүсірілім жария болған. Facebook қолданушысы Искандер Мацаев жол үстіндегі жаяу жүргіншіге арналған жолақта белгісіз адам автокөліктің астына өзі секіріп, жәбірленген кейіп танытқанын жазған. Көлік жүргізушісі тоқтап, оған көмек көрсетпек болады. Бейнетүсірілім авторы көлігінде бейнетіркегіш бар екенін айтқан соң «жәбірленуші» дереу бой тасалаған. Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша «102» телефонына хабар түспегенін, алайда факті бойынша тексеру жүргізілетінін айтты. ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, алдын ала жасалған ақпарат бойынша, бұл іске екі адамның қатысы болуы мүмкін. Екінші адам көлігімен жолдың бір шетін жауып тұрып, сыбайласының ойын жүзеге асыруға жәрдемдескен. Іске қатысты ҚР ҚК 190-бабы - «алаяқтық» бойынша тергеу амалдары басталды.

«Сценарий бойынша Delica көлігінің жүргізушісі жолдың жүргінші шығатын жағын әдейі қалқап көрсетпеуге тырысқан. Бұл ережені бұзу. Дәл сол сәтте жүргінші атып шығып, көлік қағып кеткен сыңай танытып, құлайды. Полиция Delica көлігінің жүргізушісін ұстады, ол Өзбекстан азаматы болып шықты. Ол кінәсін мойындады. Бостандық ауданының өзінде күдіктілерге қатысты төрт арыз келген. Бір арызда олардың тағы бір жүргізушіден 1000 доллар өтемақы талап еткені айтылады», - деді ол.


Дереккөз: Іnform.kz

2 желтоқсан 2016, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.