Атырау, 29 наурыз 19:36
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесі әуеде жанып кетті

2 607 просмотра

Фото: РоскосмосРоскосмостың мәліметінше, Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған ғарышкері жоқ "Прогресс МС-04" жүк кемесі ауада жанып кетті. "Прогресс МС-04"-пен және оны тіркеп ұшқан "Союз-У" зымыран тасығышымен байланыс кеме 1 желтоқсанда ұшырылғаннан соң алты минут 23 секундтан кейін жоғалған. Байланыс қозғалтқыштың үшінші сатысы қосылғанда үзіліп, кеме орбитаға шыға алмаған,- деп хабарлады Азаттық.

Роскосмостың мәлімдеуінше, ғарыш кемесі Тувадағы халық аз қоныстанған таулы аймақтың әуе кеңістігінде жанған. Болжам бойынша, кеменің ең үлкен бөлшектері ауаның тығыз қабаттарында жанып кеткен. "Прогресс МС-04" халықаралық ғарыш станциясына 3 желтоқсанда жетіп, 2,4 тонна жанармай, құрал-жабдық пен азық-түлік жеткізуі тиіс болған. France Press агенттігінің Мәскеудегі тілшісі кеме бортында станцияда рождествоны атап өтуге арналған сыйлықтар мен тәттілер де болғанын айтады.

Ресей 2015 жылы сәуірде "Прогресс" кемесі апатқа ұшыраған соң ұшырылымды үш айға тоқтатқан.

Дереккөз: Аzattyq.org

2 желтоқсан 2016, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.