Атырау, 13 қазан 19:25
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ақтөбе тұрғынын лаңкестердің қатарына қосқан қостанайлық полицейлер болып шықты

1 572 просмотра

Ақтөбеде болған лаңкестік оқиға кезінде ізеуде жүрген күдіктілердің тізімін қостанайлық тәртіп сақшысы әлеуметтік желі арқылы жайып жіберген. Құпия құжатты суретке түсіріп, WhatsApp месенджерімен жолдаған. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады.

Тізімнен радикалдарға қатысы жоқ ағайынды Қожаниязовтар табылған. Қазір олар өздерін содырлар санатына қосып қойған Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті мен тізімді жариялаған жергілікті газеттен 20 миллион теңге талап етіп отыр. Өйткені, сол қателіктің кесірінен ағалы-інілі екеу жарты жыл бойы жұртқа ақталып әлекпіз дейді. Ал сотта жауап берген қостанайлық ішкі істер департаментінің өкілі тізімді таратқан тәртіп сақшысын жұмыстан қудық деп ақталды. Әйтсе де, олардың бұл жауабынан соң, айыпталушылардың құрамы тағы бір мекемемен толықты. Енді ағайынды екі жігіт Қостанай облыстық ішкі істер департаментінен де он миллион теңге талап етіп отыр.

"Осы күнге дейін қол-аяғым қалтырайды. Маған оңай дейсіз бе? Үш баланың әкесімін. Ол ойыншық емес қой, қоя қоятын. 14 облыстың бәріне кетті. Бүкіл Қазақстан біледі. Шетелге шыға алмай отырмыз, шешемізді апара алмай отырмыз осы отырғанда. Шетелге шықсақ болды, қамап тастайды бізді", - дейді Ақтөбе облысының тұрғыны Самат Қожаниязов.

Дереккөз: КТК


25 қараша 2016, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.