Атырау, 13 қазан 19:22
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Дуванов "жеке басқа табынуға" қарсы акция өткізді

1 706 просмотра

Фото: Аzattyq.orgБүгін Алматы қаласындағы Республика алаңында тәуелсіз журналист Сергей Дуванов жалғыз адамдық наразылық акциясын өткізді. Сергей Дуванов көтерген плакатта «Нет культу личности в Казахстане» («Қазақстанда жеке басқа табынуға жол жоқ») деп жазылған,- деп хабарлады Азаттық.

Сергей Дуванов «Астана атауын «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деп өзгерту жөнінде парламент депутаттарының бірлескен жиынында айтылған ұсынысқа наразы екенін айтады.

- Біз жеке басқа табынудан советтік тоталитаризм кезінде өтіп кеткенбіз, оны сынап, бас тартатқанбыз. Енді қайта орала бастадық. Бұған қарсы екенімізді бәріміз білдіруіміз керек. Осы қарсылық акциясы арқылы ар-ожданымның алдында таза болғым келеді,-дейді ол.

Сергей Дувановтың қарсылық акциясына келген құқық қорғаушы Андрей Свиридов «Қазақстанда жеке басқа табыну белгілері көп» деп санайды. 1988 жылы советтік жеке басқа табыну салдарын анықтау үшін құрылған «Мемориал» қоғамдық ұйымын құрушылардың бірі болған ол "Назарбаевқа көзі тірі кезінде ескерткіш қойып, жер-су аттарын беруге, теңгеге портретін салуға болмайды. Жеке басқа табыну белгілеріне Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі 1990 жылдары қарсы болған еді. Мүмкін әлі де ойланатын болар" дейді.

Сергей Дуванов өткізген жалғыз адамдық наразылық акциясына құқық қорғау органдарының өкілдері келген жоқ. Он бес минуттан аса тұрған соң ол плакатын жинап кетіп қалды. Жалғыз адамдық қарсылық акциялары қоғам белсенділері түрлі саяси мәселелер бойынша Қазақстанның бірнеше қаласында бұрын да өткізіп, әкімшілік жазаға тартылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

24 қараша 2016, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.